Бүгін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сарқат Бейсенованың төрағалығымен Ақмола облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалы қызметін кешенді тексеру нәтижелерін қарау мақсатында кеңейтілген жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуге Комитет, Ұлттық сараптама орталығы, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Ақмола облысының СЭБД өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында СЭБД мен Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметін кешенді тексеру нәтижелері, жүргізілген аудиттің қорытындылары, сондай-ақ кадрлық қамтамасыз ету мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасы туралы баяндамалар тыңдалды.
Кездесудің екінші жартысында Комитеттің төрайымы Сарқат Бейсенова Ақмола облысының СЭБД қызметімен танысып, зертханаларға барды және Көкшетау қаласындағы су тазарту құрылыстарының ағымдағы жұмыстарын қарады.
Жиынның қорытындысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру және ағымдағы жобаларды іске асыруға қатысты тиісті тапсырмалар берілді.