Менингококкты менингиттің алдын алу

Менингококкты менингиттің алдын алу

Менингококкты менингит жедел өтуімен, ауыр асқынулармен сипатталады, көбіне өлімге әкеледі. Инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы жүреді.

Санитариялық-гигиеналық режимді бұзу, адамдардың көп жиналуы, бөлмедегі ауаның жоғары ылғалдылығы әрдайым қоздырғыштың, әсіресе мектепке дейінгі балалар мекемелері, қазармадағы әскері қызметкерлер арасында таралуына ықпал етеді. Жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде қоршаған ортаға бөлініп, инфекциялар айналасындағы сезімтал адамдардың мұран-жұтқыншағындағы шырышты қабығына түседі. Көбіне балалар ауырады, науқастардың 70% -ы 14 жасқа дейінгі балалар.

Менингококкты менингиттің негізгі белгілері температураның жоғарылауы, әсіресе 39°С-тан асуы, қарапайым аналгетиктермен басылмайтын бастың қатты ауыруы, құсу, ерекше ұйқышылдық және енжарлық болып табылады. Кейінірек жұлдызша түріндегі геморрагиялық бөртпе қосылады. Егер жоғарыда аталған белгілер болса, шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені әр минут маңызды.

Менингококкты менингитті жұқтырмау үшін мынадай алдын алу шараларын сақтау маңызды:

- қол гигиенасын сақтау – қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, әсіресе қоғамдық орындарға барғаннан кейін жуу;

- бөлмені желдету және тазалау – үй-жайларды үнемі желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау менингитке шалдығу қаупін азайтады;

- адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысу, әсіресе аурудың өршуі кезінде.