Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға санитариялық қызметтің ардагерлері қатысты

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шараға санитариялық қызметтің ардагерлері қатысты

 Комитетте медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара өтті. Халықтың саламаттылығы саласындағы жүйенің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагерлері басты қонағымыз болды. Шақырылған ардагерлер қатарында – Оспанов Кеңес Сәрсенғалиұлы, Тілеубекова Бақытгүл Төлеуханқызы да бар.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова құттықтау сөз сөйледі. Ол халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін және бұл ретте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

«Бүгінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласында 11 мыңнан астам маман еңбек етуде. Бұл азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілік жүктелген қуатты және кәсіби ұжым», - деп атап өтті ол.

Комитет төрағасы қызмет ардагерлеріне ерекше алғысын білдірді, олардың көпшілігі бүгінде еңбек етуді жалғастыруда. Ардагерлер өз кезегінде көп жылдық қызмет туралы естеліктерімен бөлісті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің жетістіктеріне мақтанышпен қарап, жас мамандарға жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты.

Мерекеге орай, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің 410 қызметкері «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан бөлек, мерекелік іс-шара кезінде Сархат Бейсенова аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерімен, обаға қарсы күрес станцияларымен, сондай-ақ Ұлттық сараптама орталығының филиалдарымен бейнебайланыс бойынша онлайн құттықтау өткізді.   

Іс-шара көңілді концерттік бағдарламамен аяқталды.