2024 жылы республикалық бюджет есебінен 4 өңірде СЭҚ ғимараттарына және ҰСО-ның 2 филиалында өз қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізілді.
Республикалық бюджет есебінен обаға қарсы күрес станциялары мен ҰСО үшін 272 бірлік зертханалық жабдық сатып алынды.
Қосымша 383 бірлік зертханалық жабдық пен 24 көлік сатып алынды.
7 обаға қарсы күрес станциясы үшін зертханалық ғимараттар салу бойынша инвестициялық ұсыныс әзірленді.
2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде СЭҚ органдары үшін 332 арнайы автокөлік сатып алынды.
2025 жылы:
СЭҚ ғимараттарын күрделі жөндеу;
760 бірлік зертханалық жабдық пен 18 машина сатып алу;
Орал ОҚКС ғимаратын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарланған.