Құрметті сала ардагерлері, әріптестер!

Құрметті сала ардагерлері, әріптестер!

Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы мереке күндері біз құрметті ардагерлерімізді – еңбегімен және тәжірибесімен санэпид. қызметінің дамуына баға жетпес үлес қосқан адамдарды ерекше жылылықпен еске аламыз. Біз сіздер жасаған еңбектің аз ғана бөлігі туралы айта алдық – алайда өскелең ұрпаққа жол көрсетер арамызда лайықты ардагер мамандар қаншама, олардың еңбегі өлшеусіз әрі жадымызда.

Егер мереке қарсаңындағы жарияланымдарда барлық ардагерлердің атын атап, құттықтап үлгермесек, айыпқа бұйырмаңыздар – біз алдағы мереке күндері керемет әріптестеріміз туралы материалдармен бөлісуді жалғастырамыз. Сіздердің баршаңыздың еңбегіңіз, қосқан үлесіңіз маңызды және құнды, сіздерге ризашылығымызды білдіреміз.

Мереке құтты болсын, құрметті ардагерлер, әріптестер! Салаға берілген жанқиярлығыңыз бен адал кәсіби еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!