Алиакпарова Несип Касымовна

Алиакпарова Несип Касымовна

Алиакпарова Несип Касымовна, 1963 жылы 30 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарсақпай кентінде дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Тамақтану гигиенасы бөлімінде санитариялық  дәрігердің көмекшісі және зертханашы болып жұмыс істеді.

2010-2024 жылдары Жезқазған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында техникалық регламенттерді санитариялық-гигиеналық бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет етті. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 40 жылдық тәжірибесі бар маман.

 «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Жезқазған қаласының 70 жылдығына орай» облыс әкімінің медалімен, Құрмет грамотасымен марапатталған. 2025 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста.