Вакцинация жүйесін цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, «eGov mobile» қосымшасының «e-Densaulyq» сервисінде қолжетімді вакцинациялаудың жеке күнтізбесі іске асырылды, ол азаматтарға вакцинациялаудың өткен және жоспарланған кезеңдері және қарсы көрсетілімдер (бар болса) туралы ақпаратты қарауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар мен медицина қызметкерлерінен түскен жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды есепке алу үшін функционал іске асырылды.
Сонымен қатар жүргізілген профилактикалық екпелер (4-нысан) және вакциналардың қозғалысы (3-нысан) туралы есептік деректерді қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесі (СЭҚ АЖ) әзірленді. СЭҚ АЖ функционалының негізгі міндеті санитариялық-гигиеналық бақылау, өнім қауіпсіздігін мониторингілеу және өндірістік бақылау мәселелері қамтылған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің процестерін автоматтандыру болып табылады.
Қазіргі уақытта СЭҚ АЖ сынақтан сәтті өтті, сынау нәтижелері бойынша барлық қажетті оң қорытындылар алынды. АК-қызметін сатып алу шеңберінде мемлекеттік сатып алу процесі іске қосылды.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау жүйесін цифрлық трансформациялау шеңберінде Комитет бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған Tap2Work мобильдік қосымшасын пилоттық енгізуді жүргізуде.