Профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде оба, дифтерия, полиомиелит, тулерямия, іш сүзегі, паратиф, құтыру сияқты 27 инфекциялық ауру бойынша ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
28 инфекциялық ауру бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде: қызылша – 16,7 есе, коронавирус инфекциясы – 4,2 есе, көкжөтел – 4,7 есе, А вирустық гепатиті – 2,3 есе, аскаридоз – 22,9%, лямблиоз – 22,7%.
Иммундық профилактика. Ұлттық иммундау саясатының арқасында 1990 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылықтың айтарлықтай төмендеуі байқалды:
Эпидемиялық паротит - 100 есе (12 194-тен 118 жағдайға дейін),
А гепатиті - 32 есе (73 962-ден 2 289 жағдайға дейін),
В гепатиті - 92 есе (5 287-ден 57 жағдайға дейін).
Жекелеген жағдайлар тіркеліп, сырқаттанушылықтың тұрақты төмен деңгейі сақталып тұр:
Полиомиелит - 1996 жылдан бері тіркелген жоқ,
Дифтерия – 2009 жылдан бері тіркелген жоқ,
Қызамық - 24 396 жағдайдан 11 жағдайға дейін төмендеді,
Сіреспе - 13 жағдайдан 2 жағдайға дейін төмендеді.
Жаңа вакциналарды енгізу:
2005 жылдан бастап - қызамыққа қарсы вакцинация (қызылша мен эпидемиялық паротитке қарсы вакцинамен бірге)
2008 жылдан бастап - балаларды b типті гемофильді инфекцияға қарсы вакцинациялау (дифтерия, сіреспе, көкжөтел, В гепатитіне қарсы вакцинамен бірге)
2010 жылдан бастап – пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап жатыр мойны обырына қарсы күрес аясында 11-13 жастағы қыз балаларды адамның папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды. 213 мыңнан астам екпе жүргізілді, оның ішінде бірінші дозасы - 144 мың, екінші дозасы - 69 мың.