Саламатова Жарасхан Топпаевна, 1962 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын гигиена, санитария, эпидемиология мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Мұнайлы аудандық дезинфекциялау станциясында дәрігер-эпидемиолог қызметінен бастады. Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, әртүрлі бөлімдердің басшысы, 2017 жылдан бастап техникалық регламент талаптарын бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 38 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.
Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін «Маңғыстау облысының құрметті қызметкері» атағы берілді.