Мирзабекова Дариха Жумабаевна

Мирзабекова Дариха Жумабаевна

Мирзабекова Дариха Жумабаевна, 1948 жылы 4 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Санитариялық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдады. 1972-2006 жылдар аралығында Қызылорда өңіріндегі СЭС қызметінде санитариялық дәрігер болып жұмыс жасады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 34 жылдық еңбек тәжірибесі бар санитариялық дәрігер.
Еңбек еткен жылдары өзін мамандығына адал, санитариялық-сауықтыру және профилактикалық іс-шараларды атқаруда ұйымдастырушылық қабілеті зор, білікті қызметкер ретінде таныта білді, жастардың тәжірибелі тәлімгері болды, әріптестер арасында зор беделге ие. Қызмет атқарған уақытында ведомстволық құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.