Тлеубергенов Макет Зекенұлы

Тлеубергенов Макет Зекенұлы

Тлеубергенов Макет Зекенұлы, 1957 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын Успенск аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігер болып бастаған, Павлодар облысында санитариялық дәрігер болып жұмыс істеген. 2011 жылдан 2020 жылға дейін Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімін басқарды. Тәжірибелі санитариялық дәрігер және санитариялық-эпидемиологиялық қызметте 40 жылдан астам тәжірибесі бар басшы.
Көп жылғы адал еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.