Климаттың жылынуымен және оңтүстік өңірлерде москиттердің көбеюімен лейшманиозды жұқтыру қаупі артады – инфекцияланған қан сорғыш жәндіктердің шағуы арқылы берілетін инекциялық аурулар.
Инфекция көзі негізгі резервуарлар мен үлкен құмтышқандар, сондай-ақ үй және қаңғыбас иттер болып саналады. Адамнан адамға ауру берілмейді. Инкубациялық кезең бір аптадан бірнеше айға дейін құрайды.
Лейшманиоздың екі негізгі түрі бар. Тері лейшманиозы теріде ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен тыртықтар түрінде көрінеді. Тері лейшманиозынан кейін тұрақсыз иммунитет қалыптасады. Висцеральды лейшманиоз ішкі органдарды зақымдайды және емдеу болмаған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Висцералдық лейшманиоздан кейін тұрақты иммунитет дамиды және қайталап ауырмайды.
Тері лейшманиозының табиғи ошақтары Түркістан облысының Отырар, Шардара және Арыс аудандары болып табылады. Висцеральды лейшманиоздың белсенді ошақтары Қызылорда облысында орналасқан. Егер оңтүстік өңірлерде болғаннан кейін теріде жара, бөртпе немесе сауықпайтын жара пайда болса, дерматологқа немесе инфекционист дәрігерге дереу жүгіну қажет. Уақытылы емдеу толық сауығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Лейшманиоздың алдын алу үшін репелленттерді пайдалану және кешкі уақытта жабық киім киіп жүру, терезелер мен есіктерге антимоскиттік торлар орнату, үй-жайларда фумигаторларды қолдану ұсынылады. Қаңғыбас жануарлармен қарым-қатынасты шектеу, үй иттерін үнемі скринингтеу және емдеу маңызды. Үй жанындағы аумақты және жертөле үй-жайларын үнемі тазалап отыру, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шаралар жүргізу қажет.
Қарапайым алдын алу шараларын сақтау және уақытылы медициналық көмекке жүгіну елеулі зардаптарды болдырмауға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.