Науканова Гульмира Калсынжановна

Науканова Гульмира Калсынжановна

Науқанова Гүлмира Қалсынжанқызы, 1963 жылы 9 мамырда Катонқарағай ауданында дүниеге келген. Санитария және гигиена саласындағы тәжірибелі маман. 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Катонқарағай аудандық СЭС-те мектеп гигиенасы бойынша санитариялық дәрігер қызметінен бастады, содан кейін Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау құрылымдарында басшылық және сараптамалық лауазымдарды атқарды.
Денсаулық сақтау жүйесіне қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.