Тілеубекова Бақытгүл Төлеуханқызы

Тілеубекова Бақытгүл Төлеуханқызы

Тілеубекова Бақытгүл Төлеуханқызы, 1950 жылы 30 мамырда дүниеге келген. 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар. 2010 жылдан бастап «Нұр шашу» қоғамдық қорының атқарушы директоры қызметін атқарады. Бұған дейін ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған және Дүниежүзілік банктің Технологияларды беру және ҚР Денсаулық сақтау секторында институционалдық реформа жүргізу жөніндегі халықаралық жобаларына қатысқан.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін «КСРО Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің және Астана қаласы әкімінің Құрмет грамоталарын алды.