
Аушахметова Забида Тезекбайқызы - медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және микробиология бойынша жоғары санаттағы білікті дәрігер, тамақ және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы сарапшы – аудитор. 1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
1984 жылдан бастап санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында жұмыс істеді. Облыстық және қалалық санэпидстанцияларда басшылық лауазымдарды атқарды, 2003-2015 жылдар аралығында Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры, кейін Ұлттық сараптама орталығы бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2022 жылдан бастап – «Астана су арнасы» МКК ауыз су сапасын бақылау жөніндегі сынақ зертханасының бастығы.
Зертханалық медицина федерациясының құрметті мүшесі, Биоқауіпсіздік жөніндегі режим комиссиясының және Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттің мүшесі. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан көп жылдық үлесі үшін мемлекеттік медальдармен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.