Сұлтанғалиева Батима Екібайқызы,

Сұлтанғалиева Батима Екібайқызы,

Сұлтанғалиева Батима Екібайқызы, 1962 жылғы 8 мамырда дүниеге келген. Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының тәжірибелі дәрігер-эпидемиологы. 1985 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитариялық-гигиеналық факультетін тәмамдаған.

1985-2023 жылдар аралығында Атырау облысы Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі, аса қауіпті инфекциялық аурулар бөліміне қарасты дәрігер-эпидемиолог, сондай-ақ Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы сияқты маңызды лауазымдарды атқарды.

Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және құрмет грамоталарымен марапатталған.