
Жапарханова Ардақ Мамырқызы, 1960 жылғы 7 қарашада Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, эпидемиология және гигиена саласының маманы. 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, санитария эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 34 жыл бойы (1986-2020) Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеген. Көп жылғы еңбегі үшін алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және «денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалімен марапатталған.