Виталий Николаевич Шеянов

Виталий Николаевич Шеянов

Виталий Николаевич Шеянов, еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметте 40 жыл еңбек еткен.

1950 жылы 12 мамырда Порт-Артур қаласында (ҚХР) дүниеге келген. Қарағанды медицина институтын «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша тәмамдаған. Аудандық дәрігер лауазымынан  республикалық деңгейдегі басшы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Алматы облысының мен Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, сондай-ақ ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігі Бас санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы бастығының орынбасары және Республикалық СЭС бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті дамытуға және реформалауға санитариялық қағидаларды, нормативтер мен Кеден одағының құжаттарын әзірлеуге қатысты. Армениядағы гуманитарлық миссияның мүшесі (1988), «Погос Нубар» медалімен марапатталған. «Гигиена», «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санатын иеленген.  

«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Алтын дәрігер», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған.