Астанада сарқынды сулар мен қоршаған ортаны эпидемиологиялық қадағалау мәселелері талқыланды

Астанада сарқынды сулар мен қоршаған ортаны эпидемиологиялық қадағалау мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада Орталық Азия халқының денсаулығын сақтау мақсатында сарқынды сулардың сапасы мен қоршаған ортаның жай-күйіне эпидемиологиялық қадағалау мәселелеріне арналған өңірлік семинар өз жұмысын бастады.

Семинарды Комитет төрағасының орынбасары Марал Рахимжанова ашты. Ол өз сөзінде сарқынды суларды мониторингілеу – инфекциялық қауіптерді ерте анықтаудың және санитариялық жағдайды бағалаудың тиімді құралы екенін атап өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің мамандары, сондай-ақ ДДСҰ сарапшылары қатысуда. Негізгі назар сарқынды суларға негізделген эпидемиологиялық қадағалауды қолдану, экологиялық мониторинг, ведомствоаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелеріне аударылды