Әзілет Кенбайқызы Әуелбекова

Әзілет Кенбайқызы Әуелбекова

Әзілет Кенбайқызы Әуелбекова, 1963 жылы 20 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1983 жылы Республикалық медициналық училищені «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы эпидемиологтың көмекшісі болып бастаған және 42 жылдан астам уақытын Алматы қаласының Алатау және Түрксіб аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне арнаған. Халықтың денсаулығын сақтауға және аурулардың алдын алуға елеулі үлес қосқан Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ардагері.