Комитет жұқпалы емес ауруларды азайтуға бағытталған тағамдардағы қоректік заттардың профилін әзірлеуде

Комитет жұқпалы емес ауруларды азайтуға бағытталған тағамдардағы қоректік заттардың профилін әзірлеуде

Қоректік заттардың профилін анықтау – бұл халық арасында, соның ішінде балаларда жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін құрамында қант, тұз, транс майларының артық мөлшері бар өңделген тағамдарды жіктеу немесе саралау әдісі.

Азық-түлік маркетингі семіздікке әкелетін ортаның маңызды элементі болып табылады, өйткені ол белгілі бір тағамдық артықшылықтарды, сатып алуларды және тұтыну әдеттерін енгізу арқылы дұрыс емес диетаны насихаттайды.

Өкінішке орай, балалар мен жасөспірімдер көбінесе қант, кондитерлік өнімдер, фаст-фуд және дайын таңғы ас сияқты май, қант және тұзы жоғары тағамдарды жарнамалайтын азық-түлік өндірушілерінің маркетингтік стратегияларының мақсатты аудиториясына айналуда.

Азық-түлік маркетингінің балаларға зиянды әсерін түсіне отырып, ДДҰ балаларға бағытталған тамақ және алкогольсіз сусындар маркетингі бойынша ұсыныстар жинағын әзірледі. Оған сәйкес Комитет «2025-2026 жылдарға арналған дұрыс тамақтануға жәрдемдесу» іс-шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына тиісті іс-шараларды енгізе отырып, азық-түлік бейінін әзірлеуге кірісті.

Қоректік заттардың профилін әзірлеу балаларға бағытталған қаныққан майлар, транс май қышқылдары, бос қанттар мен тұзы жоғары тағам маркетингінің әсер ету ауқымы мен сипатына мониторинг жүргізу мен бағалауға, сондай-ақ қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.