Шахманова Бақыт Мухиденқызы

Шахманова Бақыт Мухиденқызы

Шахманова Бақыт Мухиденқызы 1956 жылы 13 шілдеде Торғай облысының Қима кентінде дүниеге келген. 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері.

 1979 жылы Қарағанды медициналық институтын тәмамдап, Торғай облысы Қима ауылының Қима аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы болып жұмыс істеді.

1999-2009 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққанға дейін  Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде дәрігер-эпидемиолог болып еңбек етті. Эпидемиология саласындағы үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсібилігінің арқасында бірқатар жас мамандарға білім берді. Оның тәлімін алған еліміздің эпидемиологтарының бірнеше буыны бүгінде  табысты еңбек атқарып жүр.