
Жұмыс сапары аясында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-да болып, онда
ҚР Мемлекеттік шекарасын санитариялық қорғаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ санитариялық-карантиндік пунктті жарақтандыру және оның тиімді қызметі талқыланды.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерді әуежайдан жүзеге асырылатын қолданыстағы халықаралық бағыттармен, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес инфрақұрылымды одан әрі дамыту және жаңғырту жөніндегі жоспарлармен таныстырды.
Мамандар халықаралық ұшып келу аймағында орнатылған стационарлық тепловизорлардың жұмысын көрсетті.
Сапар аясында Сархат Бейсенова Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының, Ұлттық сараптама орталығы филиалының, зертханалардың ұжымдарымен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіпсіздік, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, жүргізілетін зертханалық зерттеулердің сапасы, сондай-ақ кадрлық аспектідегі мәселелер талқыланды. Тәртіпті нығайтуға, ұйымдастыру жұмысының тиімділігін арттыруға және қызметтік этиканы сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Сапар соңында Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен Түркістан қаласының халықаралық әуежайы арасындағы халықаралық маңызы бар тиімді өзара іс-қимыл жұқпалы аурулардың әкелінуінің алдын алуға ықпал ететінін, сонымен қатар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.