
Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы Сархат Бейсенова Комитеттің ведомстволық бағынысты нысандарын аралап шықты. Қала аудандарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына, өңірлік дезинфекция орталығына, иммунобиологиялық препараттарды сақтау қоймасына, Түркістан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалына, обаға қарсы станцияға, сондай-ақ Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне барды.
Төраға мекемелердің санитариялық-техникалық жағдайымен, қызметкерлердің еңбек жағдайларымен және жұмыс орындарының жабдықталуымен танысты.
Шымкент қаласындағы мекемелерді аралап болғаннан кейін ұжымдармен кездесу өткізіліп, онда объектілердің санитариялық-техникалық жай-күйіне, күрделі жөндеу жүргізу жоспарларына қатысты мәселелер талқыланды.
Қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау ұйымдары қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру үшін тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Шымкентке сапары аясында Сархат Бейсенова "SCAT авиакомпаниясы" АҚ және әуежай басшылығымен мемлекеттік шекараны санитариялық қорғау, әуежайдың санитариялық-қорғау аймағын белгілеу және тұрғын аудандарға шу әсерімен байланысты мәселелерді талқылады. Санитариялық-карантиндік пунктті заманауи жабдықтармен жабдықтауға ерекше назар аударылды.