COVID-19 жағдайлары 3,4 есеге төмендеді

COVID-19 жағдайлары 3,4 есеге төмендеді

Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, Комитет іштегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биыл Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда жүр, атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған.