Алматыда сарапшылар ББҚ таңбалау мәселелерін талқылады

Алматыда сарапшылар ББҚ таңбалау мәселелерін талқылады

Алматыда Комитет биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау мәселелері бойынша ББҚ өндірушілерімен, импорттаушыларымен, ББҚ ғалымдары, өндірушілері мен жеткізушілерінің қауымдастығының, Фармацевтикалық индустрия қауымдастығының өкілдерімен, «Атамекен» ҰКП сарапшылармен және Қазақ тағамтану академиясының мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жобаның бірыңғай операторы болып табылатын «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС қатысушыларға ББҚ таңбалау үдерісінің негізгі ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, таңбалау үдерісінің үш интеграторы штрих-кодты қолдануға қажетті жабдықты таныстырды. Жобаны енгізуге байланысты өндірістік және техникалық мәселелер талқыланды.
ББҚ сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалауды енгізу өнімнің қадағалануын қамтамасыз етуге, тұтынушыға өндіруші мен импорттаушы туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ осы санаттағы өнімдерді бақылау мен қадағалауды жетілдіруге септігін тигізеді.