Қазақстанда еңбекті қорғау мен еңбек медицинасын дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды

Қазақстанда еңбекті қорғау мен еңбек медицинасын дамытудың заманауи тәсілдері талқыланды

Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші халықаралық конференция өз жұмысын бастады. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова елімізде еңбек медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту перспективалары туралы баяндама жасады. Ол зиянды факторларды дәстүрлі бақылаудан және міндетті медициналық тексеруден тыс жұмысшылардың денсаулығын сақтауға кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті. ДДҰ мен ХЕҰ халықаралық стандарттарына, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы тұрақты даму мақсаттарына ерекше назар аударылады.
2024 жылы Комитеттің аумақтық бөлімшелері 375 объектіні тексерді, олардың 20 %-да санитариялық қағидалар талаптарының бұзылғаны анықталды. Зертханалық зерттеулер зиянды заттар мен физикалық факторларға (шу, электромагниттік өрістер, діріл және т.б.), әсіресе бірқатар аймақтарда гигиеналық нормативтердің асып кеткенін көрсетті.
Кәсіптік аурулардың негізгі себептері ескірген технологиялар мен жабдықтар, сондай-ақ жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер болып табылады.
Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған еңбек медицинасы саласындағы медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі жол картасын бекітті. Қабылданған шаралар ретінде нормативтік базаның жаңаруын, цифрландыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін нығайтуды айтуға болады. Ұлттық еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар орталығы қалпына келтірілді, өңірлік кәсіптік патологиялық қызметті дамыту мәселесі пысықталуда.
Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдау елде сырқаттанушылықты азайтуға және өндірістік қауіпсіздікті арттыруға ықпал ететін болады.