Алматы халықаралық әуежайында тырысқақ жағдайына ден қою бойынша жаттығулар өткізілді

Алматы халықаралық әуежайында тырысқақ жағдайына  ден қою бойынша жаттығулар өткізілді

Бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет Алматы халықаралық әуежайында тырысқақ сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтауды қоса алғанда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындық бойынша оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығулар барлық негізгі қызметтердің: санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын пысықтауға бағытталған.

Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады. Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі тырысқақ ауруына күдікті тартылды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға, қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық кешенін өткізді.

Жаттығу кезінде барлық қызметтер іс-қимылдың жоғары дәрежедегі дайындығы мен үйлесімділігін көрсетті, бұл олардың ықтимал қауіптерге ден қоюға дайын екендігін растайды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша семинар-кеңес өткізілді, онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсынымдар берілді.

Асақауіптіинфекцияларжағдайларын анықтауғаден қою бойынша мұндай оқу-жаттығулар халықтыңденсаулығынқорғауға, мемлекеттікшекаранысанитариялыққорғауды,тұтастай алғанда елдіңсанитариялық-эпидемиологиялықсалауаттылығынқамтамасыз етуге бағытталғанпрофилактикалықжұмыстыңмаңыздыбөлігі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Комитеттің санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 4 айында шекарадан 2 007 745 адам өтсе, оның ішінде 1 403 866 жолаушы халықаралық авиарейстермен, 71 203 – темір жол және 3622 – теңіз көліктерімен келген. Ыстығы көтерілген 32 жолаушы анықталған, оларды медицина қызметкерлері қарап тексерді, аса қауіпті жұқпалы аурулар расталмады.