Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы С. Нұрымбетовпен құрылған жұмысшы топ құрамымен Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, биылғы егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында, Шардара су қоймасына, «Қызылқұм» МК, Көксарай су реттегішіне келген және шыққан судың көлеміне талдау, аудандардың магистралды және шаруашылықаралық каналдарға жіберілген су көлеміне өлшеу, нақтылау және мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, дрон құрылғысы арқылы бейнетүсірілім жасалып, сырттай визуалды бақылау жұмыстарының нәтижесінде, Жаушықұм массивінде Шардара су қоймасынан рұқсат құжатынсыз заңсыз су алып жатқан су сорғы станциялары және Шардара су қоймасының су қорғау белдеуі мен аймағында демалыс орындары мен заңсыз құрылыстар орналасқанын анықтады.
Осы орайда, аудан әкімдерімен, аудан прокурорымен және кәсіпкерлердің қатысуымен жиналыс өткізіліп, кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар берілді.