2025 жылдың 15 мамыр күні Су ресурстарын реттеу,қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов инспекция қызметкерлеріне семинар өткізді.
Семинар барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау және қызмет көрсету тиімділігін арттыру мәселесі, сондай-ақ жоспарлы тексеру қорытындысымен орын алған бұзушылықтардың алдын алу жолдарын қарастыру және ЭЦҚ-ны қолдану жауапкершілігі талқыланды.
Қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын сұрақтарын қойып, толықтай жауаптар ала алды.
Семинар соңында, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңнамада белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында ұсынымдар берілді.