Есіл бассейндік инспекциясының қызметкерлері Ақмола облысының Целиноград ауданына іссапармен барды

Есіл бассейндік инспекциясының қызметкерлері Ақмола облысының Целиноград ауданына іссапармен барды

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің су пайдалану саласында ашықтықты қамтамасыз етуге, «қара нарық» жоюға, сондай-ақ жаңа Су кодексінің ережелерін түсіндіруге бағытталған хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, 2025 жылғы 5 мамырда Есіл бассейндік инспекциясының қызметкерлері Ақмола облысының Целиноград ауданына іссапармен барды.

Іс-шараның мақсаты – су пайдаланушыларға су заңнамасындағы негізгі өзгерістерді жеткізу, су пайдалану бойынша жаңа ережелерді, лицензиялау тәртібін, су ресурстарын бөлу рәсімдерін және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіру болды.

Жұмыс тобының құрамында келесі қызметкерлер қатысты:
– Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Серәлі А.С.,
– Мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Машиков К.Р.,
– Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің басшысы Абу Д.К.

Кездесу барысында инспекция мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, ауыл шаруашылығы секторының су пайдаланушыларымен және басқа да мүдделі тараптармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Рұқсатсыз су алу, судың көлеңкелі айналымы және тиісті рұқсат құжаттарынсыз су ресурстарын пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қатысушыларына жаңа заңнама талаптарына сәйкес қызметтерін бейімдеу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Мұндай түсіндіру іс-шараларын елдің басқа өңірлерінде де өткізу жоспарлануда. Бұл мемлекеттік су саясатын бірыңғай түсінуді қалыптастыруға және жергілікті жерлерде су ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.