Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының онлайн-кеңесі

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының онлайн-кеңесі

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің 13.01.2025 жылғы № 2 аппараттық хаттамасында берілген тапсырмаларына сәйкес, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары С.Абуовтың төрағалығымен, Түркістан және Қызылорда облыстық әкімдіктердің (Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Төлеби аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) және арнайы мамандандырылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың («Арна» МКК, «Тұран су» МКК, «Төлеби су шаруашылығы» МКК, «Сарыағаш су шаруашылығы» МКК) қатысуымен жиналыс ұйымдастырды.

Жиында арнайы кәсіпорындардың балансына коммуналдық және иесіз гидротехникалық құрылыстарды алу бойынша жол картасын (кесте) әзірлеп, жергілікті деңгейде бекітілуін қамтамасыз ету жөнінде, сонымен қатар, кәсіпорындардың жұмыстары бойынша кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді.