Ағымдағы жылдың 27 қарашасында «Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» РММ Ақмола облысының аумақтық бөлімінің бас маманы М.К. Омаров Ақмола облысы Жақсы ауданы Жақсы ауылының №1 Жалпы орта білім беру мектебі 11-ші сынып оқушыларымен инспекция жұмысы жайлы және су шаруашылығы саласында орын алатын құқық бұзушылықтар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, су ресурстары мамандығына оқуға түсуге шақырды.