Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті жанындағы ақпараттық-ағарту пулы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті жанындағы ақпараттық-ағарту пулы

Ағымдағы жылдың қараша айында Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпаратты-ағарту пулынын спикері Руслан Алтаевич Токатовтың қатысуымен қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, қызметкерлер арасында олардың талаптарын сақтау бойынша жиналысы өтті.

Кездесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес ұйымдастырылды.

Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыланды:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама;
  • Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу рәсімдері.