Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы Ақтөбе бөлімінің бас маманы №21 орта мектеп-гимназиясында болған

Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы Ақтөбе бөлімінің бас маманы №21 орта мектеп-гимназиясында болған

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні Жайық-каспий бассейіндік инспекциясының Ақтөбе бөлімінің бас маманы Жарылқасын Құндыз №21 орта мектеп гимназиясының 10 шы сынып оқушыларына түсіндіру жұмысын өткізген болатын. Түсіндіру жұмысы барысында сұрақтар арқылы оқушылардың су ресуртарына қатысты ойларын біліп, еліміздегі және әлемде болып жатқан суға қатысты проблемалар қозғалды. Біздің мекеменің және су саласының су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалануға қосатын үлесі жайлы, су ресурстарына қатысты проблемаларды шешуге қандай жұмыстар атқарылып жатқаны түсіндіріліп өтті.

Және мектеп оқушыларына судың маңыздылығын түсіндіре отырып, су саласында мамандардың тапшы екенін, мемлекет жылдан-жылға ЖОО-ға бөлетін гранттар санын арттырып жатқандығын және болашақта осы саладағы маман иесі атануына үлкен мүмкіндік бар екені айтылып, еліміздің 4 қаласында су саласы мамандығын оқытатын ЖОО тізімі айтылды.