Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы университет студенттерімен түсіндіру жұмыстары

Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы университет студенттерімен түсіндіру жұмыстары

Ертіс бассейндік инспекция өкілімен С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында студенттерге Ертіс бассейндік инспекциясының қызметі, атқаратын міндеттері мен функциялары, сондай—ақ су саласында жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Инспекцияда жұмыс атқару мемлекеттік қызметке жататындығын, оған түсу жолын және мемлекеттік қызметке қойылатын талаптар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қоса су экожүйесіне деген көзқарасты өзгерту, "судың да сұрауы бар" дегендей су экожүйесін үнемдеу мен қорғауға, оны сақтау жолдары да туралы айтылды. Су саласында білім алғысы келетіндерге арнайы оқу орындарының ашылуы мен магистратура мен докторантураға қабылдау жүргізілетіні туралы жеткізілді. Ертіс бассейндік инспекциясы мен С. Торайғыров атындағы университеті арасында жасалынған келісім бойынша студенттерге оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өту мүмкіндігі бар екені жеткізілді.