Бұл жылдың 30 қыркүйегінде Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық жүгіру марафоны өтті. Оған 59 мемлекет қатысты, соның ішінде Қазақстан. 10, 21 және 42 шақырымдық қашықтықты еңсеру үшін әлемнің әр түкпірінен келген спортшылар жиналды. Құрметті 6 орынды су ресурстарын қорғау басқармасының бас сарапшысы Ахтанов Данияр Шадиярұлы иеленді.
Марафоншымызды жеңісімен құттықтаймыз! Сізге жоғары нәтижелер мен шексіз күш-қуат тілейміз!