
Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық - Каспий бассейндік су инспекциясының Ақтөбе қаласындағы бөлімі мамандарымен Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінде жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында арнайы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі бойынша, рұқсат болмаған жағдайда туындайтын жауапкершілік пен жалпы ҚР Су кодексінің нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.