Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы, «Байтақ» жасылдар партиясымен "Жас қанат"жастары ұйымыныңбірлескен экологиялық бағыттағы көшпелі кеңесі өтті

Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы, «Байтақ» жасылдар партиясымен "Жас қанат"жастары ұйымыныңбірлескен экологиялық бағыттағы көшпелі кеңесі өтті

Іс-шараның негізгі мақсаты – су ресурстарын ұтымдыпайдалану мен қорғау, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін жақсарту, табиғи экожүйелерді сақтау, сондай-аққоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру жәнетабиғатты қорғау бағытындағы ынтымақтастықты нығайту.

Көшпелі кеңес барысында су объектілерінің жай-күйінезерделеу жүргізіліп, су заңнамасының сақталуы, су қорғауаймақтарының тазалығы, қоршаған ортаны қорғау және су нысандарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетінқалыптастыру, су айдындарын тұрмыстық қалдықтарданқорғау, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алужәне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтужөнінде ұсыныстар айтылды.

Іс-шара аясында жастардың экологиялық сауаттылығынарттыруға ерекше назар аударылып, қоршаған ортанықорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігі кеңіненнасихатталды. Қатысушылар табиғат аясын аялау, су көздерін ластамау, жасыл желекті сақтау және қоршағанортаға жанашырлықпен қарау қағидаларын ұстанудыңмаңыздылығын атап өтті.

Мұндай бірлескен іс-шаралар қоршаған ортаны қорғаумәдениетін қалыптастыруға, экологиялық жауапкершіліктіарттыруға және табиғи ресурстарды болашақ ұрпақ үшінсақтауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға өзүлесін қосады.