
Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы су ресурстарын тиімді басқару және халық пен шаруашылық нысандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында Бартоғай су қоймасының су тастау режиміне тұрақты бақылау жүргізуде.
Бақылау барысында су қоймасындағы су деңгейі, жіберілетін су көлемі және су пайдалану кестелерінің сақталуы назарға алынды. Бұл шаралар су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су тапшылығының алдын алуға және төменгі ағыста орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Су жіберу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылып, жағдай тұрақты бақылауда. Су шаруашылығы нысандарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және су ресурстарын әділ бөлу бойынша жұмыстар жалғасуда.