
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттерінің Шу-Талас бассейндік су инспекциясында өндірістік тәжірибеден өтуі жалғасуда.
Тәжірибе барысында студенттер Жасөркен гидропостында және Аса–Талас каналында су өлшеу жұмыстарын жүргізіп, гидрометриялық өлшеу әдістерімен танысты.
Алдағы уақытта болашақ мамандар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібі бойынша тәжірибелік білім алатын болады.