Трансшекаралық су объектілерінде бірлескен мониторинг жүргізілді

Трансшекаралық су объектілерінде бірлескен мониторинг жүргізілді

Ағымдағы жылдың 2–4 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімді іске асыру шеңберінде Қостанай облысының аумағындағы трансшекаралық су объектілерінен су сынамаларын алу жұмыстары жүргізілді.

Мониторинг жұмыстарына Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясының қызметкерлері, «Қазгидромет» РМК филиалының мамандары, Қостанай облысы бойынша Экология департаменті сынақ зертханасының қызметкерлері, сондай-ақ Ресей Федерациясының өкілдері қатысты.

Аталған жұмыстар Әйет өзеніндегі Варваринка ауылы маңындағы гидрологиялық бекет ауданында және Тобыл өзенінің Лютинка ауылы тұсында жүзеге асырылды. Іс-шара су сапасына мониторинг жүргізу, трансшекаралық су объектілерінің экологиялық жай-күйін бағалау және ықтимал экологиялық тәуекелдерді уақтылы анықтау мақсатында өткізілді.

Бірлескен мониторинг нәтижелері трансшекаралық су ресурстарын қорғау, сақтау және ұтымды пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.