Ағымдағы жылдың 9 маусым күні «Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы» РММ-нің Ақтөбе қаласындағы бөлімінің мамандарымен Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінде жергілікті ауылшаруашылығы өндірушілерімен және ауылдық округ әкімдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында арнайы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі бойынша, рұқсат болмаған жағдайда туындайтын жауапкершілік пен жалпы ҚР Су кодексінің нормалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.