
Қазіргі таңда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті студенттері Шу-Талас бассейндік су инспекциясында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Тәжірибе барысында студенттер су ресурстарын басқару, су нысандарын бақылау, су заңнамасының талаптарын орындау және инспекцияның күнделікті қызметімен танысуда. Сонымен қатар, мамандардың жетекшілігімен тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, болашақ кәсіби қызметіне қажетті білім алуда.
Білім мен тәжірибені ұштастыруға бағытталған бұл тәжірибе студенттердің білікті маман болып қалыптасуына өз үлесін қосады.