Іс-шара барысында қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, мүдделер қақтығысының алдын алу, заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіруге, қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін нығайтуға және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.