Кәсіби бағдар беру және суға ұқыпты қарау туралы: Жайық-Каспий инспекциясының №19 мектебіне сапары

Кәсіби бағдар беру және суға ұқыпты қарау туралы: Жайық-Каспий инспекциясының №19 мектебіне сапары

Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының Батыс Қазақстан облысы бойынша мамандары Орал қаласындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына су шаруашылығы мамандығын және суды үнемді пайдалану бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.

Оқушыларға суды үнемді пайдалану мен қатар құрметпен қараудың да маңыздылығы түсіндіріліп, түрлі сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар мектептің ақпараттар тақтайшасына су үнемдеу туралы үгіт-насихат парақшасы орнатылды.