
2026 жылғы 9 сәуір мен 5 мамыр аралығында Шүлбі су қоймасынан табиғатты қорғау мақсатында су жіберу жүргізілді. Су жіберудің жалпы көлемі 6,4 км³ құрап, ұзақтығы 27 күнді қамтыды.
2026 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Ертіс өзенінің жайылмасының 257,2 мың гектар аумағы суға бастырылды, бұл жалпы аумақтың 76%-ын құрайды. Қазіргі уақытта жоғары су өтімдерінің жетуіне байланысты Павлодар облысында Ертіс өзені деңгейінің көтерілуі мен жайылманың су басуы жалғасуда. Жайылманы су басу нәтижелері мамыр айының соңында анықталады.
Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстары Ертіс өзенінің су экожүйелерін сақтауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы мал азығы қорын қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасайды.