Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының мамандары «Қарағанды тау-кен индустриялық колледжі» студенттеріне арнап сынып сағатын өткізді

Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының мамандары «Қарағанды тау-кен индустриялық колледжі» студенттеріне арнап сынып сағатын өткізді

Қарағанды облысының білім басқармасының «Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны студенттерімен “Су ресурстарын ұтымды пайдалану, инспекцияның қызметі және мемлекеттің рөлі” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында заңнама талаптары мен инспекцияның нақты функциялары бойынша практикалық түсіндірмелер берілді. Студенттер су пайдалану жауапкершілігі және осы саладағы мемлекеттің рөлі туралы базалық түсінік алды.