
Өңірлік экологиялық саммит аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов БҰҰ Бас хатшысының апаттар қаупін азайту мәселелері жөніндегі арнайы өкілі және БҰҰ Апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасының басшысы Камал Кишормен кездесті. Сондай-ақ кездесуге Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Имашева Гүлмира Сағынбайқызы қатысты.
Кездесуде тараптар су тасқыны мен құрғақшылық тәуекелдерін болжау және азайту, климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуде халықаралық стандарттарды қолдану мәселелерін талқылады.