Ақсу және Екібастұз қалаларына қарасты ауылдық аймақтардың су пайдаланушыларымен кездесу

Ақсу және Екібастұз қалаларына қарасты ауылдық аймақтардың су пайдаланушыларымен кездесу
 
Ертіс бассейндік су инспекциясы басшысының орынбасары Е.А.Қамбаров Қ.Сәтбаев атындағы каналдың Павлодар пайдалану басқармасы бастығымен бірлесіп, Шідерті кентінде Ақсу және Екібастұз қалаларына қарасты ауылдық аймақтардың су пайдаланушыларымен кездесу өткізді.
 
Жиын барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы су заңнамасының талаптары, соның ішінде арнайы су пайдалануға рұқсат алу тәртібі, «биллинг» ерте болжау жүйесі, сондай-ақ тоқсандық және жылдық есептерді уақытылы тапсыру қажеттілігі түсіндірілді.
 
Қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.